«Ұлы ашылулардың ізімен» білім беру марафоны» атты

2024 жылғы 13-ауысымның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(27.09-16.10.2024 ж.)

ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2024 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 27 қыркүйек пен 16 қазан аралығында «Ұлы ашылулардың ізімен» білім беру марафоны» атты 13-ауысымын өткізеді.

Ауысым қатысушылары: физика, информатика, математика саласындағы жеңімпаздары, қатысушылары, жас астрономдар, ҚР ҚК әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары.

Ауысымның мақсаты: ауысымды жүзеге асыру шеңберінде қатысушылардың шығармашылық қабілеттері мен ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықтарын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.

Ауысым міндеттері:

  • оқушылардың физика, математика, информатика пәндерін оқуға деген қызығушылығын арттыру;
  • ауысым іс-шараларына қосу арқылы ауысымға қатысушылардың танымдық белсенділігін, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • ауысымға қатысушылардың патриотизмі мен азаматтық сана-сезімін тәрбиелеу;
  • ауысымды іске асыру процесіне қосу арқылы әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілікті қалыптастыру.

Ауысым бағдарламасында:

  1. 13 ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  2. «Ұлы ашылулар ізімен» отряд визиткасын қорғау кеші;
  3. 2024 жылғы 13 ауысымының салтанатты ашылуы;
  4. «Жастармен бірге бол» «Жастар» педагогикалық тобының концерті;
  5. Шығармашылық бастамалар уақыты;
  6. «Олимпия» СМ;
  7. «Дәлме-дәл» байқауы;
  8. «Күзгі Ханзада мен Ханшайым» күзгі бал кеші;
  9. Интеллектуалдық аялдамалық ойын «SMART games»;
  10. «Әлемді өзгерткен жаңалықтар» танымдық кеші;
  11. «Жаңа жасыңмен, балақай!» туған күн иелеріне арналған кеш;
  12. 2024 жылдың 13 ауысымының салтанатты жабылуы;
  13. Гала-концерт.

2024 жылдың 13-ауысымының салтанатты ашылуы 30 қыркүйек күні сағ. 17.00-де

2024 жылдың 13-ауысымының салтанатты жабылуы 14 қазан күні сағ. 17.00-де

Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен» РОСО» РМҚК, Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.

Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі)

Е-mail: baldauren@mail.ru

 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner