«Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Сөнбейтін жұлдыз жарығы» әдеби клубы» атты 2024 жылғы 12-ауысымның БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ (04-23.09.2024 ж.)

 

    ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2024 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ағымдағы жылдың 4 және 23 қыркүйек аралығында «Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Сөнбейтін жұлдыз жарығы» әдеби клубы» атты 12-ауысым өтеді.

 

Ауысым қатысушылары: Жас лингвистер, республикалық, облыстық, аудандық әдеби байқаулардың, мәнерлеп оқу байқауларының жеңімпаздары мен қатысушылары, ҚР ҚК әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары.

 Ауысым мақсаты: рухани құндылықтарды адамгершілік тәрбие құралы ретінде таныстыру арқылы балаларды шығармашылық, зияткерлік, әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетке баулу.

Ауысым міндеттері:

  1. гуманистік дүниетанымын, ұлттық болмысын, азаматтық, патриоттық сезімдерін, әдебиетке және ұлттық мәдениет құндылықтарына деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру;
  2. жеке тұлғаның қабілеттеріне, қоғамдық және жеке мүдделеріне сәйкес өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, балаға өзін танытуына мүмкіндік беру;
  3. шындық, әділеттілік, мейірімділік, патриотизм, мейірімділік сынды жалпыадамзаттық мораль қағидаларын бекіту;
  4. ауысымды іске асыру процесіне қосу арқылы әлеуметтік белсенділік пен   

                    жауапкершілікті қалыптастыру.

Ауысым бағдарламасында:

1. «Танысқаныма қуаныштымын» топ визиткасын қорғау кеші;

2. 2024 жылдың 12-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;

3. 2024 жылдың 12-ауысымның ашылу салтанаты;

4. Мәнерлеп оқу байқауы;

5. Отряд бөлмесін безендіру байқауы;

6. «Жастармен бірге бол» «Жастар» педагогикалық тобының концерті;

7.  «Lider time» I, II, III кезеңдері;

8. «Короли фанеры» байқауы;

9. «Жаңа ұрпақ» зияткерлік-танымдық ойыны;

10. «Олимпия» спорттық мерекесі;

11. Кітапхана түні;

12. «Сөнбейтін жұлдыз жарығы» Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына   

        арналған әдеби-танымдық кеш;

13. «Жаңа жасыңмен, балақай!» туған күн иелеріне арналған мерекелік кеш;

14. «Мен және менің отрядым» бейне роликтер байқауы;

15. 2024 жылдың 12-ауысымының салтанатты жабылуы және гала концерт.

 

2024 жылдың 12-ауысымының салтанатты ашылуы 7 қыркүйек күні сағ.16.30-да.

2024 жылдың 12-ауысымының салтанатты жабылуы 21 қыркүйек күні сағ.17.00е.

 

Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен» РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.

Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі)

Е-mail: baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner