2025 жылғы 8 қыркүйекте «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының  ұжымы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауын тікелей эфирде толық құрамда тамашалады.

Биылғы жолдау «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер  арқылы шешу» деген атаумен өтті.

Президент қарқынды өзгеріп жатқан технологиялық дәуірде еліміздің даму бағыттарын айқындап, цифрландыру мен жасанды интеллектті экономикалық өсім мен жаңғырудың басты факторлары ретінде атап өтті. Мемлекет басшысы қоғамды цифрлық дәуірдің сын-қатерлеріне жауап бере алатын ашық, тиімді және тұрақты мемлекет құру жолында күш біріктіруге шақырды.

Жолдауда ерекше мән берілген мәселелер:

  • Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру;
  • Цифрлық кодексті енгізу;
  • «Alatau City» инновациялық қаласын – өңірдегі тұңғыш толық цифрланған қаланы салу;
  • Білім беру жүйесін «Келешек мектептері» жобасы мен «Al-Sana» бағдарламасы арқылы қолдау;
  • Оқушылар мен студенттердің жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
  • Фармацевтика, ғылым және денсаулық сақтау жүйесін дамыту.

Жолдауды тамашалағаннан кейін орталық ұжымы Мемлекет басшысы ұсынған бастамаларды кеңінен талқылады. Қызметкерлер жолдауда айтылған міндеттердің , білім беру және елдің болашағы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.

Педагогикалық құрам «жасанды интеллект негіздерін мектеп бағдарламасына енгізу» бастамасына және «шағын жинақты мектептерге арналған цифрлық платформаларды дамытуға» ерекше қызығушылық танытты. Бұл – әсіресе аймақтық және ауылдық білім беру жүйесі үшін өзекті.

«Балдәурен» орталығының ұжымы Президент айқындаған ауқымды міндеттерді іске асыру «қоғамның барлық буынының – мемлекеттік сектордан бастап, білім беру мен ғылым, тәрбие мекемелеріне дейінгі – бірлескен жұмысы арқылы ғана мүмкін болады» деп сенеді.

          «Балдәурен» РОСО» ұжымы Президенттің стратегиялық бағытын толық қолдайды және Әділетті де Күшті Қазақстанды құру ісіне белсенді атсалысуға дайын.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner