«Балдәурен» РОСО табиғаты шырайлы Бурабай курорттық аймағында орналасқан. Жаз кезеңінде ауысым қатысушыларына өлкеміздің сұлулығы мен тарихын таныту мақсатында саяхаттар мен сапарлар ұйымдастырылады.
Жаз мезгілінде балдәурендіктер Көкшетау тауына сапарға шығады. Сапар барысында жас саяхатшылар: шатырды қалай құруды, шатырдың қандай түрлері бар екендігі жайлы және компастың көмегінсіз негізгі бағыттарды қалай анықтауға болатынын үйренеді. Сонымен қатар, алау түрлері және олардың не үшін арналғандығы жайлы ақпараттармен танысады.

Сапардағы қауіпсіздік ережелері де назардан тыс қалмаған. Сапарға шығушы топпен бірге спорт нұсқаушылары және дәрігер қатар жүреді.

Дене шынықтыру-туристік кешендегі жұмыстардың әр бағыты «Балдәуренде» демалатын әрбір жеткіншектің дамуына зор пайдасын тигізуде. Сапар балалар ұжымын біріктіреді және тұлғаның жағымды қасиеттері мен салауатты өмір салтын ұстанатын құндылықтарды түсінуге жетелейді.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner