ІV Республикалық жас патриоттар форумының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК (бұдан әрі – Орталық) 2002 жылы ашылып, 20 жыл ішінде жас дарындардың шығармашылық әлеуеттерін арттыруда, көшбасшылық қабілеттерін шыңдауда, отансүйгіштікке баулуда Қазақстан Республикасының білім беру кеңістігінде өз рөлін айқындап келеді.
2016 жылы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК-да қазақстандық жас патриоттар Академиясы құрылды. Академияның негізгі мақсаты
– «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясы негізінде қазақстандық жас патриоттарды тәрбиелеу, Қазақстан Республикасында патриоттық рухта тәрбиеленген жас ұрпақтың ядросы және қозғаушы күші болатын ел элитасын қалыптастыру болып табылады.
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ағымдағы жылдың 21-қыркүйегінде Түркістан қаласында «Балдәурен» РОСО мен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы бірлесе отырып жас патриоттар Академиясының IV Республикалық форумын өткізеді. Форумға құрметті қонақтар, Академияның Президиум мүшелері, делегация жетекшілері және қаһармандық ерлік жасаған мектеп оқушылары қатысады.
Журналисттерді IV Республикалық жас патриоттар форумына шақырамыз.
Өтетін орны: Түркістан қаласының Оқушылар сарайы.
Өтетін уақыты мен күні: 21-қыркүйек күні, сағат 11.00-де.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі)
Е-mail: baldauren@mail.ru
Сайт: www.baldauren.kz