2021 жылдың 16 қарашасында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында Қазақстан мен Орталық Азияда жасақталған, Мәскеу түбінде  шайқасқан 316-атқыштар дивизиясының ерлігінің 80 жылдығына орай  9-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті. Дәл осы күні,  1941 жылы Дубосеково торабындағы шайқаста генерал Панфилов дивизиясының 28 жауынгері неміс танктерін талқандап, фашистердің шабуылын тоқтатып, өшпес ерлік жасады. Оқушылар 316-атқыштар дивизиясының қалай құрылғанын, оның жауынгерлік жолымен танысты.
Жүргізушілер - тарих пәнінің мұғалімдері Исмагамбетов М.К., Яковенко А.А., оқушыларға 1941 жылдың қазан-қараша айларындағы Мәскеу түбіндегі әскери жағдайы, кеңес жауынгерлерінің ерлігі  туралы мағлұмат берді. Оқушыларға талқылау тақырыптары ұсынылды, кейбір қатысушылар баяндамалар оқыды. Қатысушылар пікір алмасып, Панфилов дивизиясының ерліктері туралы бейнероликтерді тамашалады, Қатысушылар Мәскеу түбіндегі фашистік Германияның шабуылын тоқтатқан бірден бір себеп - Панфилов дивизиясы жауынгерлерінің ерлігі деген ортақ пікірге келді.

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner