12-наурыз «Балдәурен» РОСО-да «Ұлы даланың мәдени мұрасы» атты ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылына арналған шығармашылық клондайк» атты 2022 жылдың  3-ауысымы салтанатты түрде ашылды.
«Мәдени-гуманитарлық өлшемдер тарихи байланыстарды сақтауда және халықтарымызды одан әрі жақындастыруда дәстүрлі түрде маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында:«Біз 2022 жылды ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұрасы жылы деп жарияладық»,-деді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өзінің жаңа жылдық Жолдауында биылғы жылды Балалар жылы деп жариялады.
Бұл екі оқиға 2022 жылғы 09-28 наурыз аралығында «Балдәурен» республикалық оқу — сауықтыру орталығында өткізілетін «ТМД-дағы халық шығармашылығы және мәдени мұра жылына арналған «Ұлы даланың мәдени мұрасы» шығармашылық клондайк» атты 3-ауысымында көрініс табады.
ХХ ғасырдың басында тарихқа енген «Клондайк» сөзі «сансыз қазыналарға толы орын» деген мағынаны білдіреді. 2022 жылғы 3 ауысым кезеңінде ауысым тақырыбына сай «Балдәурен» РОСО Қазақстан халықтарының сарқылмас ұлттық рухани қазынасының байлығын ашатын болады.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner