Ағымдағы жылдың 22-наурызы «Қош келдің, Әз Наурыз!» балалар шығарашылығы фестивалі атты 2023 жылдың 4-ауысымының салтанатты ашылуы өтті.
4-ауысымға Қазақстанның түкпір-түкпірінен үздік балалар жиналып отыр. Ауысымның негізгі мақсаты-балалардың түрлі ұлттардың шығармашылығы мен мәдени мұрасына деген қызығушылықтарын қалыптастыру, салт-дәстүрлерді зерртеу арқылы танымдық белсенділігін арттыру, өз еліне деген мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.
Сонымен қатар, 4-ауысым аясында «Балдәурен» РОСО-да ерекше сынып сағаттары, шығармашылық кештер және қызықты конкурстар өтеді. Осы ауысымның іс-шаралары оның барлық қатысушылары үшін нағыз мереке болады деп шын жүректен үміттенеміз. Ауысым соңында қорытындылар шығарылып, балаларды жағымды тосын сыйлар күтетін болады.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner