«Бізді біріктіретін тәжірибе» тәлімгерлер Қауымдастығын құру бойынша консультативтік кездесу

 

Балалардың демалысы мен бос уақытының сапасын одан әрі жетілдіруге ұмтылу шеңберінде, сондай-ақ тәлімгерлік қызметті қолдау және дамыту мақсатында 2025 жылғы 6-7 сәуірде тәлімгерлер қауымдастығын құру бойынша консультативтік жиналыс өткізілді. Іс-шара «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы ұйымдастырған «Тәлімгерлер буынының кездесуі. «Бізді біріктіретін тәжірибе» аясында өтті.

Бұл жиналыстың негізгі мақсаты балаларды тәрбиелеу және олардың бос уақытын ұйымдастыру саласындағы мамандардың күш-жігерін біріктіру мүмкіндіктерін талқылау болды. Іс-шараға қатысушылар тәлімгерлер қауымдастығын құру перспективаларын қарастырды, бұл өз кезегінде мамандар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға, тәжірибе алмасуды кеңейтуге және балалармен жұмыс істеудің жаңа бағдарламалары мен әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.

Әр түрлі буын тәлімгерлерінің күш-жігерін біріктіру тәрбие процесінде осы маңызды бағыттың дамуына жаңа серпін беретініне, балалармен жұмыс істеуде жаңа идеялар мен тәсілдерді енгізуге ықпал ететініне, сондай-ақ мамандардың әртүрлі буыны арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайтатынына сенімдіміз.

Консультативтік жиналысқа қатысу үшін шақырылғандар:

- әр кезеңдегі, түрлі буындағы тәлімгерлер;

- «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы тәрбие кешенінің директорлары мен орынбасарлары.

6 сәуір күні «Жастар» педагогикалық отрядының педагог-ұйымдастырушыларына арналған қонақтардың тарапынан шеберлік сағаттары өтті. Кешке дөңгелек үстел өтті, оны алғашқы аға тәлімгер, бүгінде Астана қ. «KEMEL» жекеменшік мектебінің директоры С.С. Баймуканов жүргізді.

7 сәуір күні «Жастар» педагогикалық отряды қонақтарды концерттік бағдарламаға шақырды. Іс-шара соңында "Балдәурен" РОСО Бас директорына сөз берілді, ол барлық қатысушыларды осы айтулы оқиғамен құттықтап, тәлімгерлер қауымдастығын құру бастамасымен таныстырды.

Әрі қарай қатысушылар тиімдірек және жемісті жұмыс істеу үшін екі топқа бөлінді.

12.00-де жиналыс болды.  Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:

1. Таныстырылымды тыңдау, жарыссөздер.

2. Президентке үміткерді ұсыну, талқылау, дауыс беру.

3. «Балдәурен» РОСО-нан кураторды таныстыру.

4. Әртүрлі

Жиналыс қорытындысы бойынша өзінің құттықтау сөзінде қауымдастық қызметінің бағыттары мәселелеріне тоқталған Серік Сайлаубайұлы Баймұқановтың кандидатурасы бірауыздан қабылданды.  

Шешім қабылданды: қауымдастықтың қызметін реттейтін мәселелерді онлайн талқылау жалғастырылсын.

Келесі қадам – Жарғыны және Құрылтай жиналысында қабылданатын басқа да құрылтай құжаттарын ресімдеу. Күні нақтыланады.

Осылайша, іс-шара тәлімгерлер қауымдастығын құрудағы маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар әріптестер арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және балалармен жұмыс істеуге жаңа бастамалар енгізуге ықпал етті.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner