«Дәуірлер мен уақыттар»
халықаралық құрылтайы»
2024 жылғы 9-ауысымның
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(09-23.07.2024 ж.)
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2024 жылға арналған ауысымдардың жоспар-кестесіне сәйкес «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 09 және 23 шілде аралығында «Дәуірлер мен уақыттар» халықаралық құрылтайы» атты 2024 жылғы 9-ауысым өтеді.
Ауысым қатысушылары: Жақын және алыс шет елдердегі қазақ диаспораларының ұлттық мәдениет өкілдері.
Ауысым мақсаты: ана тілі мен мәдениетін, халықтың салт-дәстүрін сақтау, отандастармен қарым-қатынас жасау.
Ауысым міндеттері:
- қазақ халқының тарихымен, салтымен, дәстүрімен, тілімен, мәдениетімен таныстыру, ұлттық қадір-қасиетін қалыптастыру;
- жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- уақытша балалар бірлестігінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, оның біртұтастығын дамыту.
Ауысым бағдарламасында:
- «Бір шаңырақ астында» отряд визиткасын қорғау кеші;
- 2024 жылғы 9 ауысым президентіне үміткерлер презентациясы;
- 2024 жылдың 9 ауысымының ашылу салтанаты;
- «Сәлем, Балдәурен!» бекет бойынша ойын;
- «Zhastar» педагогикалық отрядының концерті;
- «ZHOSHY» этнофольк ансамблінің концерті;
- «Жаңа жасыңмен, балақай!» туған күн иелеріне арналған кеш;
- «Атамекен-ай!» қазақ әндер байқауы;
- «Олимпия» спорттық мерекесі;
- Бүкіләлемдік фотограф күніне арналған «Әлем көз тіккен Этностиль» үздік фото-жиектеме байқауы;
- «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы мұражайға саяхат;
- «Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» салт-дәстүрлер бекеті;
- «Ұлы дала әлемінде» ұлттық ойындар бекеті;
- «Балдәурен елінің құрылтайы» балалар делегациялары елдерінің таныстырылымы;
- «Қара жорға биінің элементтері» флешмоб;
- 2024 жылғы 9 ауысымның жабылу салтанаты және гала концерт.
2024 жылдың 9-ауысымының салтанатты ашылуы 11 шілде күні сағ. 16.30-да.
2024 жылдың 9-ауысымының салтанатты жабылуы 22 шілде күні сағ.16.30-да.
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен» РОСО» РМҚК, Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі)
Е-mail: baldauren@mail.ru