Бүгін бізде «Орленок» ББО (Ресей Федерациясы) ұйымдастырған «Бейбітшілік елшілері» атты халықаралық онлайн-кездесу өтті. Кездесуге: «Смена», «Океан» ББО (Ресей Федерациясы), «Артек» ХБО (Ресей Федерациясы), «Зубренок» ҰБО (Беларусь Республикасы), лагерлік білім беру институты (Қытай), «MyLEAF» ұйымы (Малайзия), Палестинадағы Ресейлік отандастар ұйымдарының үйлестіру кеңесі, «Ключ»  халықаралық мәдени институты (Чехия) және бала демалысын ұйымдастыруда жетекші ұйымдар қатысты. Кездесу Халықаралық бейбітшілік күніне арналды. Әр елдің өкілдері мемлекеттердің бірігуіне үлес қосқан, адамзатты бүкіл жер бетінде бейбітшілікке шақырған немесе өзінің шығармашылығы арқылы бейбітшілік идеяларын таратқан тұлғалар туралы баяндады. Содан кейін, «Земля – наш дом, а человечество –дети» таырыбында викторина –дискуссия өтіп, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Кездесудің осы бөлігінде балалар бейбітшілік рәміздері, бейбітшілік елшілері туралы білді. Кездесу барлық қатысушылардың Майкл Джексонның "We are the world" әнін орындауымен және бейбітшілік символын бейнелейтін белгідерді көрсетумен аяқталды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner