Кеше «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Біздің күшіміз достықта» халықаралық кездесу» атты халықаралық ауысымның салтанатты ашылуы кеші өтті. 
Іс-шара қызықты кіріспеден басталып, балалар ауысым тақырыбымен танысты. Ауысым қатысушыларын Орталық қонақтары мен Бас директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Ж.К. Әмірғалиев қарсы алып, ауысым бойы барлығына достық, табыс, жақсы демалыс және жақсы көңіл-күй тілей отырып, 9-ауысымды ашық деп жариялады. Ауысымның ашылу салтанаты аясында күйші Болшова Ақтоты мен айтыскер Тілеутай Айшолпан арнайы келіп, өнерлерімен кештің көркін кіргізді. Қазақ халқының күйі мен айтыс өнері балалар мен қонақтардың ұлттық рухын көтергені сөзсіз. 
Ауысым барысында Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының желісі бойынша «Балдәуренге» келген: Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран қазақ диаспораларының балалары қазақ халқының тарихи мұрасымен, оның салт-дәстүрлерімен танысатын болады. Ана тілінде сөйлесе отырып, олар өз халқының мәдениетін жақсы біле алатындықтарына сенімдіміз.
Бұл ауысым өте қызықты, жарқын және танымдық ауысым болмақ.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner