Жаз мезгілінде «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында жазғы демалыс және сауықтырумен 5000-ға жуық оқушыны қамту жоспарлануда. 
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы (бұдан әрі – «Балдәурен» РОСО, Орталық, кәсіпорын) ресми түрде 2002 жылдың желтоқсанында ашылды. 2017-2019 жылдар аралығында орталықтың Алматы облысында, Түркістан және Қарағанды облыстарында филиалдары ашылды. 20 жыл ішінде Орталықта 125 мыңнан астам жас қазақстандықтар демалып, сауықтырылып, оңалтудан өтті. Жыл бойы «Балдәурен» РОСО орталықтарында 15498 оқушы демалады: дарынды балалар, жетім балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, республиканың экологиялық қолайсыз өңірлерінің балалары, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары. 
Осы уақыт аралығында «Балдәурен» Ынтымақтастық туралы келісімдер аясында Ресейдің халықаралық балалар орталықтарымен («Артек» ХБО, «Орленок», «Океан», «Смена» ББО) және Беларусьпен («Зубренок» ҰБОСО) тығыз байланыс орантты.
Орталық қызметінің негізгі мақсаты – салауатты және аса өнегелі, зияткер, бәсекеге қабілетті, сыни тұрғыдан ойлайтын балалар мен жасөспірімдер ұрпағын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасау болып табылады.
Орталықта оқушылардың қолайлы демалысына қажетті барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, балалар тәулік бойы медициналық қызметпен қамтамасыз етілген.
Ауысым бағдарламаларында балалар көшбасшылық дағдыларды меңгеріп, проблемаларды талқылауға, топ ішінде жұмыс ітеуге үйренеді. Балалар ауысым бойы қызығушылықтары бойынша үйірмелерге де қатыса алады.
Орталықта жаз мезгілінде 5 тақырыптық ауысым өтеді. Балалар ауысым тақырыбына сай өз қызығушылықтарына сай ауысымдарға қатыса алады. Әр ауысымда спорттық ойындар, тақырыптық мерекелік кештер, байқаулар, экскурсиялар ұйымдастырылған.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner