«Ойлан! Қимылда! Іске асыр!» республикалық балалар медиафорумы» атты 2022 жылғы, 8-ауысымның тақырыбына сай Орталығымызда «Хабар» АҚ аймақтық тілшілер желісі департаментінің директоры Бағдат Бектұрғанқызы, «Хабар» арнасы қорытынды жаңалықтардың шығарушы редакторы Ақбөпе Бәкір және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Әуесбай Қанатпен дөңгелек үстел өтті. 

Дөңгелек үстел барысында балдәурендіктер қонақтарымызға сұрақтар қойып, пайдалы ақпараттар алды. Кереметтей кеш: «Тілші болудың қыр-сыры қандай?» ,«Заманауи тележурналист брэнді» және «Тележүргізушілік құпиялары» атты шеберлік сыныптарында жалғасын тапты.

8-ауысымның қатысушылары үшін бұл кездесу қызықты, пайдалы және болашақта бағдар берер кездесу болды деген сенімдеміз!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner