Орталығымызда ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен балалар үйлерінің үздік түлектері ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен кездесу өткізді. Жыл бойы «Балдәурен» РОСО орталықтарында: ауысым тақырыбына сай дарынды балалар, шығармашылық бағыттағы балалар, жетім балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, республиканың экологиялық қолайсыз өңірлерінен келген балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар демалады. Қазіргі уақытта Орталықта 40-тан астам бала демалуда. Кездесу барысында түлектер өздерінің тәжірбиелерімен және кеңестерімен бөлісіп, балалардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар балаларға футбол, мобилография, шахмат, қолданбалы өнер, бокс бойынша қызығушылықтарына қарай шеберлік-сыныптар ұйымдастырылды. Шеберлік-сынаптар аясында балаларға теориялық және практикалық білім берді. Сабақтардың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сыйлықтар табысталды.