Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, 010000 Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының  (бұдан әрі – Кәсіпорын) бас директоры бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ., Щучье көлінің оңтүстік бастыс бөлігі, 7 ғимарат, байланыс телефоны: 8 (7163) 67-91-34

Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, сондай-ақ қосымша білім беру саласында қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  

1) тиісті жоғары және/ немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;

2) Кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.

Кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы

Конкурсқа қатысуға мынадай адамдар қабылданбайды:

1) 18 (он сегіз) жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн тізілімнің (www.e-qazyna.kz, https://talapker.e-qazyna.kz) веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысу туралы құжаттар мен өтініштерді ұсыну мерзімі: 2026 жылғы
17-25 ақпан аралығында.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттауды өткізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтінішті электрондық нысанда ұсынады. Өтініш тізілімнің веб-порталында рәсімделеді және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қойылады.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  • қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;
  • зейнетақы аударымдарын растайтын құжат;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірі.

Конкурс өткізетін орны мен күні қосымша хабарланады. Байланыс телефоны: 8(7172) 741873

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner