Киберспорт-бұл бейне ойындарға негізделген командалық немесе жеке жарыс. Көптеген спорт түрлері олармен айналыспайтындар үшін түсініксіз болуы мүмкін. Мысалы, керлинг және американдық футбол сияқты спорт түрлері біздің көпшілігімізге таныс емес, бірақ олардың бүкіл әлем бойынша миллиондаған жанкүйерлері бар. Біздің көптеген отандастарымыз үшін киберспорт тек балалар ойыны сияқты көрінуі мүмкін, бірақ бүкіл әлемде 300 миллионнан астам адам киберспорт жарыстарын бақылайды. Киберспорттың негізі - стратегиялық ойлау, командада жұмысты дұрыс ұйымдастыра білу. Көбінесе өз стратегиясын дұрыс құрған командалар ғана жеңімпаз бола алады. Бала кезінен киберспортқа әуес болған балалар стратегиялық ойлау қабілетінің
дамығандығының арқасында жұмыс пен бизнестегі болашақ жеңістердің кепілі болатынын көрсетеді. Сондықтан, қазір киберспорт жанкүйерлері көбеюде. Міне, «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы да спорт әлеміндегі трендтік үрдістерден қалып қоймауға және киберспортты танымал етуге өз үлесін қосуға шешім қабылдады. «Baldauren Cyber Games» Киберспорт турнирі» 13 ауысым бағдарламасы аясында ауысымға қатысушылардың «Baldauren games» киберспорт бойынша ойын турнирінің 1 туры өткізілді. Турнирдің барлық қатысушылары-13 топ, жас ерекшеліктерін қарай екі топқа бөлініп, Call of Duty 4 танымал командалық ойынына қатысты.
Ойында қызықты, эмоционалды атыстан финалға озып шыққандар :
- үлкендер командасында 5 және 10 топтар,
- кіші командаларда 1 және 4 топтар.
Бұл командалар турнир жеңімпаздары атағы үшін күреседі. Ал, біз ойынның мәресін
күтеміз, балаларға сәттілік, мықтылар жеңсін деп тілейміз!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner