2022 жылды  «Балалар жылы» деп жарияланып,  Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес  «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» атты көркем еңбек пәні мен суретші-педагогтардың ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ өтті. Халықаралық симпозиум қатысушылары екі күн бойы көрме жұмысына, плэнерге, шебер-сыныптарға қатысып, өздерінің таланттарын паш етті, алдыңғы буыннан үздік тәжірибелер жинақтап, өз жұмыстарында қолдана білуді үйренді. Еліміздің көркем еңбек пәні мен суретші-педагогтері, жоғарғы оқу орындары мамандары, Қырғыстан Республикасынан келген шебер педагогтер бір мақсатқа жұмыс жасап,  өнер жолындағы мамандардан өздеріне қажетті бағыттар мен кеңестер алды. Шебер -сынып өткізіп өздерінің қолөнерлік қабілеттерін паш еткен үздік ұстаздар марапатталды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner