Биыл киелі шаңырағымызға Тәуелсіздік құсы келіп қонғанына 30 жыл. Бұл атаулы күн барша қазақ халқының мерекесі, жеңісі мен ұлы тойы. Бізге ата-бабамыз аманат етіп қалдырған Тәуелсіздік туы астында өмір сүру біз үшін ұлы сый! Осынау ұлы мерекенің құрметіне «Балдәурен» РОСО-да «Қазақстан ерікті ел!» атты Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл кеште қазақ халқының Тәуелсіздік үшін күрескен тайғақ жолы мен терең тарихына саяхатқа аттандық. Іс-шара шымылдығын орталығымыздың Бас директоры Алибаев Сержан құттықтау сөзімен ашып берді. Кеш барысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Орталығымыздың даму мен өркендеуіне қосқан елеулі үлесі мен атқарған адал еңбегі үшін орталық қызметкерлерін марапаттау салтанаты және Қазақстан Републикасының Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша Советхан Арман, Қуат Қайырұлы мен Райхан Жекебаевна "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медальдарымен марапатталды. Сонымен қатар, жүрек тебрентерлік патриоттық әндер шырқалып, халық тарихынан үзінді сахналық қойылымдар қойылып, жүрек тебрентіп, қазақ халқының рухын көтерерлік күйлері тартылды.Салтанатты концертке «Шұғыла» бірлестік қоғамының өкілдері келіп кештің сәні мен мәнін келтірді. Бірлестік қатысушылары ән, би, күй шашуларын сыйға тартты. Кеш қонақтары «Балдәурен» РОСО Бас директоры Сержан Алибаевқа ыстық лебіздерін білдіріп, алғыс хат ұсынды. Ұлы мерекені біздбен қарсы алған қарияларымызға алғыс білдіре отырып, баршаңызды Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!