«Игі істер марафоны» жобасы аясында «Үлкен өзгерістер кішігірім қадамдардан басталады» атты қарттар үйіне арналған концерт

 

2025 жылғы 3 сәуірде «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы «Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Саз өнерінің сайыпқыраны» атты балалар шығармашылық фестивалі» 4-ауысым бағдарламасы барысында «Игі істер марафоны» жобасы аясында «Үлкен өзгерістер кішігірім қадамдардан басталады» атты концерттік бағдарламаны Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» (Қарттар үйі)  мекемесіне ұсынған болатын.

Шараның басты мақсаты – қарттарымызға қуаныш сыйлау, оларды қоғамнан оқшауланбай, әлеуметтік өмірге белсенді қатыстыру және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту болды. Ауысым қатысушылары концерт барысында өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, түрлі музыкалық нөмірлер мен би қойылымдарын,сонымен қатар жетік меңгерген аспаптарымен әуезді композициялар орындады. Әрбір өнер көрсеткен бала өз мәдениетінің байлығын, ұлттар арасындағы достықты, сүйіспеншілікті бейнелейтін әсем өнерлерін көрсетті.

Концерт Қарттар үйінің тұрғындары үшін ерекше мәнге ие болды. Олар балалардың өнерін зор ықыласпен қабылдап, өнерлеріне таңданыс білдірді. Іс-шара соңында балалар мен қарттарымыз арасында ыстық әңгіме мен естелік суреттерге түсу болды. Ауысым қатысушыларын таңқалдырған жәйт 101 жастағы Александр Курячев атамыздың жүріс-тұрысы мен қозғалысының ширақтығы және жасына қарамастан, әрбір әрекеті балғын әрі энергияға толы болғандығы. Оның жүз жылдық өмірінде көптеген қиындықтар мен қуаныштар болғаны анық, бірақ ол әрдайым өмірге деген оң көзқарасымен, әркез еңбек пен шыншылдыққа ұмтылып, алға қарай жылжып келгендігін бізге көрсетіп тұрғандай болды. Ауысым қатысушылары үшін бұл іс-шара тек қарттар үйіне бару ғана емес, өмірдің құндылығы мен даналығы туралы үлкен сабақ ала алатын мүмкіндік болды.

Бұл іс-шара ұмытылмас әсер қалдырғаны сөзсіз. Қарттарымыздың жүздерінде бақыт пен алғыс сезімі байқалды. Біз бұл шараның келешекте де тұрақты түрде ұйымдастырылып, балалар мен қарттар арасында байланыс орнатудың жаңа мүмкіндіктері ашылады деп сенеміз.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner