Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Жаныңа жақын, адал дос таба білу нағыз бақыт. Достық ұғымы шегі жоқ кең ұғым. Халықаралық достық пен бірлікті дәріптеу мақсатында БҰҰ-ның шешімімен 30 шілде – халықаралық достық күні болып аталып өтуде.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы өзінің 65-қарарында қоғамдар арасында көпірлер жасап, халықтар мен мемлекеттерді, әлемнің бүкіл азаматтарын бір бірімен дос болуға шақырады. Ал Қазақстан, өз кезегінде, әлемдік аренада бейбіт мемлекеттің үлгісі болып табылады.
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы балалардың достығының алтын көпірі деп нық сеніммен айта аламын. Қазақстан мен шет елдердегі ұлт өкілдері Орталықта бірге бас құрап, ауысым аясында ажырамас достарға айналады. Балалар арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту мен нығайту үшін «Балдәурен» ұжымы барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қолайлы жағдай жасауда.
30 шілде - халықаралық достық күніне орай «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының 9-ауысымының қатысушылары «Мост дружбы» онлайн-кездесуіне қатысты. Қазақстан, Ресей, Қытай, Беларусь, Малайзия, Ливан және Молдова Республикасының балалары мен жасөспірімдерін бір ортаға тоғыстырған кездесу балдәурендіктердің халықаралық ауқымда жаңа достар табуына, олардың достық жайлы көзқарастарын білуге ықпал етті.
Кездесу барысында балалар «Қазіргі әлемдегі достық» тақырыбына пікірталас өткізіп, достың маңыздылығы және қазіргі таңда жасөспірімдер арасында кеңінен таралған интернет достық тақырыптарында өз ойлары мен тәжірбиелерін ортаға салды. Сонымен қатар, қатысушы балалар демалыс орындарында, балалар лагерьлері мен орталықтарында табыстырған достары мен достық оқиғаларын айтып, ыстық естеліктерімен бөлісті. Балдәурендіктер мен қатысушылардың мұндай естеліктері біздің жұмысымызды одан да жоғары деңгейге көтеруге ынталандырды.
Кездесу қорытындысында барлық қатысушылар естелік суреттерге түсіп, бір-біріне алғыстары мен тілектерін білдіре отырып, келесі кездесуді асыға күтетіндектерін айтты. Әрине, халықаралық кездесулер бұдан әрі де өз жалғасын таппақ. 
Екі тілде өткен кездесу барлық қатысушылардың бір-бірін түсінуге үлкен көмек көрсетті. Ағылшын және орыс тілдерін аударып, балаларға барынша жағымды жағдай жасаған ұйымдастырушыларға алғысым шексіз.

 

"Балдәурен" РОСО Бас директоры Алибаев.С.Т


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner