Бурабай еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі және өзіне ғана тән табиғатымен ерекшеленеді. Бурабай - Қазақстанның інжу-маржаны, қазақтың Швейцариясы деп мақтана айтамыз. Табиғатының ерекше сұлулығын, тау-тастарын, орманы мен көлдерін көруге жыл сайын еліміздің түпкір-түпкірінен, алыс-жақын шет елдерден мыңдаған туристтер келеді. 
Еліміздің осынша көрікті мекенін көрсетіп, аңыз-әңгімелерімен, тарихымен таныстыру мақсатында 9-ауысым қатысушылары Бурабайға саяхатқа аттанды. 
Саяхат барысында балалар: Жұмбақтас, Оқжетпес тауларын аралап, Бурабайдың төңірегінде үш жүздің басын қосқан Абылай хан алаңын және хан тағын көрді. Абылай хан алаңы – жартастармен қоршалып, орман ішінде орналасқан киелі, тарихи орын болып саналады. Саяхатың соңында балдәурендіктер естелік фотоларға түсті. Саяхат барлық балаларға ұнап, жарқын эмоциялар сыйлады. 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner