
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің VIIІ Республикалық байқауының қорытындысы
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2026 жылғы 13-17 сәуір аралығында жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық әлеуетін арттыру, инновациялық қызметін дамыту, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау, оларды Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына бекіту мақсатында, «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің VIIІ Республикалық байқауы өткізілді.
Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға қатысқанын растайтын сертификаттар берілді.
Байқау жеңімпаздары «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқау нәтижесі бойынша келесі орындар тағайындалды:
- І орын - Табыс Шырақ (Алматы облысы)
- ІІ орын - Жасланов Алишер Жаикович (Ақмола облысы)
- ІІІ орын - Канатбаева Балауса Тенелбаевна (Астана қаласы)
- ІІІ орын - Құдайбергенов Ғазиз Исабекұлы (РФММ Астана қ.)
- Грамота - Түймебай Ләйлә Сейдиллақызы (Алматы қаласы)
- Грамота - Тохтарова Лаура Сериковна (ШҚО)
- Грамота - Қабдулқақ Ануар Айдарұлы (Жетісу облысы)
- Грамота - Сұлтанова Мөлдір Нұрлыбайқызы (Маңғыстау облысы)
- Грамота - Темирбаева Айгерим Акилбековна (БҚО)





