Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, инновациялық  белсенділіктерін дамыту, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау, оларды Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде бекіту мақсатында, «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VII  Республикалық Байқауының ІІІ кезеңі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Балдәурен» РОСО» РМҚК базасында сәуір айының  14 мен 18 аралығында өтіп, өз мәресіне келіп жетті.  Аталған Байқауға республикамыздың әр облысынан, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 1,2,3 орынға ие болған жеңімпаздар және Оқу-ағарту министрлігі әр ведомостволық бағынысты мемлекеттік мекемелерден шыққан жас мамандар,  жалпы 51 педагог қатысып, бақ сынасты.

Байқау барысында қазылар алқасы қатысушылардың  кәсібилігі мен жаңаша идеяларының ұсынылуларына, сабақты жаңартылған білім мазмұны бойынша өткізулеріне, оқушыға білім берудің жаңаша әдіс-тәсілдерін меңгертулеріне назар аударып, әр кезең ұпай санымен бағаланып отырды. Байқаудың үш кезеңінің қорытындысы бойынша қатысушылардың жалпы ұпай сандары анықталып, ең көп ұпай жинаған қатысушылар төмендегідей көрсеткішпен жеңімпаздар атанып,  марапатталды.

 

Марапаттау

түрі

Аты-жөні

Облысы

Гран-При

Серікова Ботагөз Серікқызы

ШҚО

1 орын

Дастан Жадыра Бағдатқызы

Ұлытау

2 орын

Әбілжан Айнұр Арғынғазықызы

Алматы қ-сы

3 орын

Ахылбек Нұрсұлтан

Павлодар

Грамота

Шынболатова Айзада Абзалқызы

БҚО

Грамота

Кеңесова Перизат Қайсарқызы

БҚО

Грамота

Саурамбаев Бектас Бейсеналыұлы

Жамбыл

Грамота

Тахатбек Тлеулес Қанатұлы

Алматы қ-сы

Грамота

Хасан Ақұштап Дауленқызы

Атырау

Грамота

Уәли Еркебұлан Қанатұлы

Қостанай

Номинация

«Сөзге ұста-ойға шебер»

Әбілқасымова Аружан Кәрімқызы

Жамбыл

Номинация

«Ғылым жанашыры»

Жетес Ақнұр Алдабергенқызы

Қызылорда

Номинация

«Дарынды ұстаз»

Адилбеков Алмаз Муратбекович

 

Алматы қ-сы

 

Номинация

«Цифрлық білім беру көшбасшысы»

Алимова Мавжуда Анарбайқызы

Абай

 

Номинация

«Шабыттандырушы ұстаз»

Сарсенова София Шариповна

Астана

Номинация

«Ұлттық құндылықтарды насихаттаушы»

Ешімбай Нұржан Серікұлы

Ақмола

Номинация

«Шығармашыл ұстаз»

Ленсова Гүлмари Ринатқызы

 

Павлодар

Номинация

«Заманауи ұстаз»

Ауталипов Нияз Ерболович

Павлодар

 

 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner