2022 жылдың жазғы кезеңінде республикада 9 505 сауықтыру лагерлері мен алаңдары жұмыс істеуде, оның ішінде:
- 8624 мектеп жанындағы лагерьлер;
- 670 шатырлы лагерь (киіз үй, спорт, өлкетану);
- 182 қала сыртындағы лагерьлер.
Жоғарыда көретілген орталықтардың ішінде бала демалысын ұйымдастыруда бірегей орны бар «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы жыл бойы жұмыс жасап, балалар мен жасөспірімдердің демалысы мен сауығуын ұйымдастырып, олардың шығармашылықтарының дамуына барлық жағдайларды жасауда.
«Балалар жылы» аясында Орталыққа ҚР Парламентінің Сенат депутаты Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули және Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гамазов Валерий Георгиевич жұмыс сапарымен келіп, балалармен және ұйымдастырушы-ұстаздармен кездесті.
Кездесу барысында «Балдәурен» РОСО-ның Бас директоры Алибаев Сержан Төлеметұлы Орталықтың жұмысымен таныстырып, балалар демалысы, қауіпсіздігі және балалар мен жасөспірімдердің бойына рухани құндылықтарды дарыту сынды тақырыптар қозғалып, талқыланды. Сенат депутаты Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы бала тәрбиесі мен жарқын болашағына әрқайсысымыз өз үлесімізді қоса алатынымызды ерекше атап өтті.
Кездесу соңында демалыс уақытында балалар үшін жауапты, балаға жақын ұйымдастырушы-ұстаздарға ақыл-кеңестер айтып, өздерінің тәжірбиелерімен бөлісті.