«Балаларға тарту болған бақ мекені» - «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы - Ұлы қазақ даласындағы Сары Арқаның інжу-маржаны, Бурабай жерінде орналасқан.   Осы бір жұпар иісті, көгілдір таулы өлкенің, суы мөлдір өзен-көлдердің жанында адам баласын табиғатпен үндескендей сезімге бөлейді. Орталыққа байтақ еліміздің әр түпкірінен келкен әр баланы  сауықтандыру, тәрбиелеу мен  оқытуда барлық жағдай жасалған. 
   Орталықта таяу арада кәсіби мерекелерін атап өткелі отырған қызметкерлеріміздің бір бөлімі еңбектері елеулі, орталыққа қалаулы болған – «Жастар» педагогикалық тобы .
 27 қараша «Балдәурен» РОСО-ның ұйымдастырушы-ұстаздары (вожатый) «Жастар» педагогикалық тобының құрылған күні  болып саналады. 
Жастар педагогикалық тобының негізгі қызметі – балалардың уақытша бірлестігінде жеке тұлға болып дамуына моральдық-психологиялық жағдай жасау, шығармашылық шабыт, мейірімділік сияқты құнды қасиеттерді сезіндіру. Жастар тобы орталықта балалардың бас тәлімгері, ұйымдастырушы- ұстаздары болып қала береді. 
Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету – біздің борышымыз. Иә, бала жүрегі мейірім мен жылулықты сезбей қоймайды. 
Қазіргі таңда  Жастар педагогикалық тобына он  тоғыз жыл. Бұл тарих үшін көп уақыт емес. «Балдәурен» РОСО-ның  Жастар тобы осы мезгіл ішінде  әр түрлі сауықтыру іс-шараларының, білім мен тәрбиенің орасан зор ошағына айналды.  Бүгінгі таңда Орталығымыз болашақ жас ұрпақтың арасында түрлі-түсті бояудың, күлкінің, шаттықтың ғажайып аралы болып келеді. ТМД елдеріне де танымал бола білген, өзіндік тәжірибелерін жинақтаған, қанатын кеңге жая бастаған аталмыш орталықтардың Жастар педагогикалық тобы өз орнын таба білді.  Сонымен қатар, Халықаралық қоғамдық ұйымның мүшесі. Сондай-ақ, «Артек» (Россия), «Океан» және «Орленок Бүкілресейлік лагерді, «Зубренок» (Беларусь) Ұлттық балаларды оқу-сауықтыру орталықтарымен бірге, Халықаралық педагогикалық ойын бағдарламалары байқауында, балалар демалысын ұйымдастырудың  тұрақты қатысушысы, бірнеше мәрте бас жүлде иегері де болды. Абай атамыз айтқандай: «Тәрбиеші баланың қожасы болмасын, жұмсақ жолдасы болсын» - деген. Демек, Көкше жеріндегі «Балдәурен- арман аралына» келген балаларға қуаныш пен шаттық, мейірім мен мереке сыйлайтын Орталығымздың Жастар педагогикалық тобын кәсіби мерекелерімен    құттықтай отыра, Сіздердің әрқайсыларыңызға бақыт пен береке, молшылық пен мереке, ырыс пен ынтымақ, татулық пен бақ тілеймін!  
   
«Балдәурен» РОСО, 
Білім кешенінің директорының орынбасары:           Сейсен Б.

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner