Тәлімгер – бала жанының бағбаны
Орталықтағы балалардың бас тәлімгерлері – ұйымдастырушы-ұстаздар болып табылады. Тәлімгер – оқушыны қызықты және танылмаған ғажайып әлемге жетелеп апаратын бастаушы. Ұйымдастырушы-ұстаз ол мәртебе емес, ол жаныңның жақсы күйі. Ол күнімен балалармен көптеген міндеттерді орындайды, өзінің білімі мен біліктілігін қамқорлығындағыларға беріп, сарқылмайтын күш-қуатымен үнемі күліп жүретін жан. Ол жаңа бастамалар мен идеяларды ойлап тауып, жүзеге асырушы.
«Балдаурен-Түркістан» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы Ордақонған тауының етегінде, Тоғыс өзенінің бойында орналасқан керемет орталықтың бірі. 2018 жылдың қазан айынан бастап өз бауырына бүлдіршіндерді қабылдап, бүгін міне төртінші жылға қадам басып отыр. Осы жылдар ішінде республика көлеміндегі жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар, үздік болған оқушыларымызды қабылдап, балалық шақтарының естен кетпес естеліктеріне айналды. Бауырына келген әр баланың талғамынан шығып, біліммен қатар тәрбиелеп, сауықтырып, 20 күндік демалыстарын қызықты, әрі тиімді өткізудің бар жағдайын жасауда. «Жастар» педагогикалық тобы баланың орталықтағы әрбір өткен уақыты үшін жауапты жан. Өзіне берілген балаларға қамқор болып, үйдегі ата-ананың рөлін атқарады. Баламен бала болып ойнап, керек кезінде ата-ана, аға-әпке, дос, бауыр бола білетін әмбебап – ұстаз, тұла бойы тұнып тұрған талант иелері. Өзінің бойындағы бар өнерін баланың бойына сіңдіруге барынша аянбай еңбек етеді.
«Балдәурен-Шымкент» РОСО филиалы менің арманыма қанат байлап, мақсатыма бір қадам жақындатуда. Ұйымдастырушы-ұстаз (вожатый) болу қызықты, әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Алдыңа келген 30 баланың мінезін, еркелігін көтеріп, оның ата-анасы, аға-әпкесі, досы бола білуің керек. Менің бұл жұмыстан ешуақытта бас тартқым келмейді. Себебі, періштедей пәк балалардың шат-шадыман күлкісін көргенде бар жұмыстың қиыншылығын ұмытып, баламен бала болып кетесің.
Жалпы баламен жұмыс жасау үлкен жауапкершілік пен зор ізденісті талап етеді. Осы орталықта өткен 2 жыл болашақта өз балаларымды тәрбиелеудегі зор мүмкіндіктерге жол ашады. 2002 жылы өз жұмысын бастаған «Балдәурен» РОСО қазіргі таңда саны төрт орталыққа жетті. «Балдәурен-Көкшетау», «Балдәурен-Қапшағай», «Балдәурен-Шымкент», «Балдәурен-Балқаш» филиалдары бүгінгі таңда өздерінің сүйікті оқушыларын қабылдап, озат оқушылардың қимас орталығына айналған.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін,
- деп М.Жұмабаев жырлағандай, «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл, жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады». Болашақтың кілті, елдің ертеңі - білімді жастар. Мемлекеттің дамуы, өсіп-өркендеуі тікелей жастарға байланысты.
Таразы Эльвира Даниярқызы,
«Балдәурен» РОСО филиалының ұйымдастырушы-ұстазы.
Түркістан облысы, Төлеби ауданы