2021 жылдың Қазан айының 23-24 күндері Алматы қаласында пауэрлифтинг, жатып көтеру және бітімге тарту бойынша әуесқойлар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Чемпионатқа  «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының спорт нұсқаушысы Советхан Арман Советханұлы қатысып, 75 келі салмақ категориясы арасында I- орын жүлдегері атанды. Советхан Арман Советханұлы «Балдәурен» РОСО-дағы еңбек жолын ұйымдастырушы-ұстаз лауазымынан бастап, қазіргі таңда спорт нұсқаушысы лауазымында жұмыс істеп, спорт саласында үлкен жетістіктерге жетуде. Осындай жетістіктерімен жастарға үлгі болып жүрген әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтап, биік белестерден көрінуіне тілектеспіз!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner