
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2024 жылға арналған ауысымдардың жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 25 ақпан мен 15 наурыз аралығында «ӨнерFest» республикалық балалар шығармашылық байқауы атты 3-ауысымын өткізеді.
Ауысым қатысушылары: жас суретшілер, дизайнерлер, сәнгерлер, фотографтар, қолданбалы өнер бойынша халықаралық, республикалық және облыстық байқаулар мен фестивальдердің жүлдегерлері, КР ҚҚ әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары.
Ауысымның мақсаты: ауысымның қатысушыларына мәдени-рухани даму мүмкіндіктерін, шығармашылық қызметтің әртүрлі түрлері мен формаларында, байқауларда олардың даралығының қалыптасуын қамтамасыз ету.
Ауысым міндеттері:
- ауысымға қатысушылардың физикалық, интеллектуалдық, адамгершілік дамуына жағдай жасау;
- ауысымға қатысушылардың әлеуметтік тәжірибесін достық, жолдастық қарым-қатынас және шығармашылық бірлестіктегі өзара әрекеттесу дағдыларымен байыту;
- салауатты өмір салтына саналы ұмтылысты дамытуға ықпал ететін педагогикалық тәрбие беру ортасын құру.
Ауысым бағдарламасында:
- 2024 жылдың 3-ауысымының президентінің үміткерлермен танысу;
- «Достарыңнан шабыт ал!» отряд визиткасын қорғау кеші;
- Салтанатты сап;
- 2024 жылдың 3-ауысымының салтанатты ашылуы және жабылу рәсімі;
- «Zhastar» концерті;
- Отряд бөлмесін безендіру байқауы;
- «Үздік сурет» атты дәлме- дәл фото сурет байқауы;
- «BALDAUREN ART 2024» 1-3 кезеңдері;
- «Ел іші-өнер кеніші» әдеби кеш;
- «Қыздар, қыздар, сұлу қыздар» мерекелік концерт;
- «Туған күніңмен, балақай!» туған күн иелеріне арналған кеш;
- «Интеллект +» зияткерлік ойыны;
- «Олимпия» СМ;
- «Балдәурен мәңгі жүректе» гала концерт;
2024 жылдың 3-ауысымының салтанатты ашылуы 28 ақпан күні сағ.17.00-да
2024 жылдың 3-ауысымының салтанатты жабылуы 13 наурыз күні сағ.16.30-да
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен» РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі)
Е-mail: baldauren@mail.ru