2023 жылдың 21-24 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесіп «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2023» Республикалық байқауын өткізуде.
Байқаудың негізгі мақсаты – дене шынықтыру педагогтерінің шығармашылық бастамасын қолдау, кәсіби өсуге жәрдемдесу, осы мамандық бойынша педагогтердің еңбегінің беделін арттыру.
Байқаудың негізгі міндеттері:
- білім беру сапасын арттыру;
- педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру;
- білім беру-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру;
- озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату;
- заманауи инновациялық білім беру технологияларын енгізу және тарату;
- шығармашылық педагогтерді қолдау және педагог мамандығының беделін көтеру.
Байқауға қатысушылар барлық түрдегі жалпы орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтері-конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары.
Байқау үш кезеңде өткізіледі:
I кезең – аудандық білім бөлімдері қыркүйек айында өткізеді.
II кезең – облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары қазан айында өткізеді.
III кезең – республикалық финалдық кезең 2023 жылғы 21-24 қараша аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында өткізіледі.