«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» атты  жас педагогтардың
VІ Республикалық байқауы

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға

-деген Абайдың өлең жолдарын оқығанда, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек екеніне тағыда көзімді жеткізгендеймін. Біз «Балдәурен» РОСО, еліміздің қазіргі мектептеріне жаңа заманға лайық «жаңа мұғалім» дайындау қажет екендігін ойластыра отырып, «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» атты  жас педагогтердің VІ  Республикалық байқауын ұйымдастырдық. Байқау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Балдәурен» РОСО» РМҚК базасында  өтуде.    Бұл байқаудың мақсаты жас педагогтердің  әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық әлеуетін белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау және оларды Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде бекіту мақсатында педагогтердің инновациялық белсенділіктерін дамыту, ұлттық білім беру инициативасын жүзеге асыру.  
Байқау 2023 жылдың 16 қаңтарынан бастап 21 сәуір аралығында үш кезеңде  жоспарланды.
I кезең (тур) – Аудан көлемінде: 2023 жылдың 16 қаңтарынан 20 ақпанына дейін өткізілді; (Аудандық білім бөлімі ұйымдастырып өткізді).
II кезең (тур) – Облыс көлемінде: 2023 жылдың 1 наурыздан 20 наурыз аралығында.(Облыстық білім басқармасы ұйымдастырып өткізді).
III кезең (тур) – Республика көлемінде: 2023 жылдың 17 мен 21 сәуір аралығында. («Балдәурен» РМҚК» РОСО өткізілді).

Республикалық  байқауға өткен қатысушылар саны: 57 педагог. Әр облыстан- 1,2,3 орынға ие болған жеңімпаз педагогтер. Олар еліміздің 15 облысынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының қатысушылары.  
Қатысушыларымыз қазіргі заманғы мұғалім,  информатор, бақылаушы, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек. Сондықтан осы байқауға қатысып жатқан жас педагогтерге алғысымызды білдіре отырып, келешек еңбектеріне  зор табыс пен қажымас қайрат тілейміз.

                                                      Сейсен Б.
«Балдәурен»РОСО,
Білім кешені директорының орынбасары


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner