Наурыз мейрамы - көне дәстүр сабақтастығының белгісі саналатын, ұлттық мәдениетіміздің қайта түлеген ерекше мерекесі. Халық арасында бұл мереке ұлттық таным бойынша үйге жыл бойы молшылық пен сәттілік әкеледі деген сенім бар. Наурыз – әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі. Орта Азия елдері оны 5000 жылдан аса уақыт атап өтіп келеді. Бұл ежелгі мереке күнәдан тазару, киім-кешектерді тазарту, үйді тазарту, жамандықтан және өшпеділіктен тазару мерекесі ретінде атап өтіледі. Ол адамдарды басқалардың күнәлары мен жамандықтарын кешіруге шақырады. Сондай-ақ, ежелгі кезде елдің ақсақалдары мерекеде араздасқан ру-тайпалармен татуласатын болған. 

Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Бұл күні жер шары алаңдарын қоспағанда, бүкіл жер бетінде күн мен түн теңеседі. Қазақтың төл мерекесін өзіне қайта сыйлаған – әйгілі қазақ ақыны Мұхтар Шаханов. Қазақстанда 1926 жылдан бастап Наурызды тойлауға тыйым салынған болатын. Тек 1988 жылдан бастап Қазақстан Наурыз мейрамын қайта тойлай бастады. 2010 жылғы 19 ақпандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясында «Әлем мәдениеті» бағдарламасының 49-тармағына сәйкес «Халықаралық Наурыз мерекесі» деп аталатын қарар қабылданды. Сөйтіп, мереке БҰҰ-мен мойындалды.

Наурыз - Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Түрікменстанда, Түркияда, Тәжікстанда, Иранда, Әзербайжанда, Албанияда, Ауғанстанда, Ирактың Күрдістанында, Үндістан  және Македонияда мемлекеттік мейрамы болып табылады. Оны Татарстан, Башқұртстан, Қытай және тіпті Жапонияда да «жергілікті деңгейде» атап өтеді. Ал 2010 жылдан бастап Наурыз Грузияда ұлттық мереке болып жарияланды.

Наурыз  мейрамының басты тағамы – Наурыз көже. Ол 7 ингредиенттен дайындалады: су, сүрленген немесе кептірілген ет, тұз, май немесе жануар май, жарма, айран. Ал Наурыз көже ішкен адамдарға сәттілік күлімдеп, денсаулығы жақсарып, отбасы қуаныш пен молшылыққа кенеледі делінеді.

«Балдәурен» Республикалық оқу сауықтыру орталығыда осы бір ерекше күнді орталықтағы демалушы балалармен атап өтті. Орталыққа еліміздің әр өңірінен келген 288 бала барлығы бірдей меркелік іс шараларды  ұйымдастыруда ат салысып сахналық көріністермен спорттық жарыстар ұйымдастырды. Ұлттық тағамдардың шығу тарихымен дайындалу рәсімі таныстырылды. Балалар мерекелік іс-шарадан алған әсерлері жоғары деңгейде бағаланды.   


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner