2021 жылдың желтоқсан айының 21-жұлдызы Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері мұғалімдерінің съезі өтті.  
Ы. Алтынсарин академиясының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, еліміздің барлық өңірінен келген педагогтер, лингвист-ғалымдар, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ректорлары, «Балдәурен» РОСО білім кешені директорының міндетін атқарушы Сейсен Бейімхан және Қапшағай қаласы «Балдәурен» РОСО қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Игисенова Бану Ракымбердиевна қатысты.
 Съезде елімізде негізгі пәндер бойынша Республикалық педагогтер қауымдастығы құрылатыны туралы хабарланды. Мұғалімдер қауымдастығы өзекті мәселелерді талқылау алаңына айналады. Осылайша, алғашқылардың бірі болып қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы құрылды. Қауымдастықтың бөлімшелері еліміздің әрбір ауданында, қала мен барлық өңірде жұмыс істейтін болады. 

«Бүгін біз маңызды мәселені көтеріп, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту сапасын ашық талқылап отырмыз. Егер бұл мәселелерді шешу жолдарын іздемесек, біз одан әрі дамымаймыз. Бұл қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқулықтардың мазмұны, оқу бағдарламалары және жоғары оқу орындарында мамандар даярлау мәселелері. Өзекті сұрақтарды талқылау және шешу, сонымен бірге пәндерді оқыту сапасын арттыру өте маңызды. Әрбір пәннің орны ерекше: математика, физика, химия, ағылшын тілі, дене шынықтыру және басқа да пәндер маңызды болып табылады.Сондықтан мұндай съездер дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, аталған форумдар мектеп қабырғасында оқытылатын басқа да пәндер бойынша өткізіледі», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner