2022 жылдың 4-ауысымы да өз мәресіне таяп келеді. Дебат ойындары басты тақырып болып салналып, Отанымыздың әр аймағынан сөз шеберлерін жинап отырған ауысым әлі де белсенді өтіп жатыр. Ағымдағы ауысымның тақырыбына сай: ҚР Ұлттық дебат федерациясымен кездесу, ҚР Ұлттық дебат федерациясы өкілдерінің шеберлік сыныптары,тренингтері, «Қазақстан – Ерікті ел!» ҚР Мемлекеттік рәміздер қабылдануына 30 жылдығына арналған қабырға газет байқауы, «Көзқарас» дебат турнирі және осы сынды өзге де іс-шаралар легі өтуде. Әр шара өзінше пайдалы, өзінше қызықты болды. Cолардың ішінде ерекше атап өтетін іс-шара: «Көзқарас» дебат турнирі.
2022 жылдың 16-сәуір күні жоғары топ дебатшыларының қатысуымен өткен турнир - ауысым тақырыбына сай жиналған қатысушылар үшін ең маңызды, асыға күткен іс-шара еді. Қызыл тілін сөйлетіп, тілімен талай додада жеңіп жүрген дебатшылар бұл турнирде де аянып қалмады. Бірінің сөзін бірі ілестіріп ала кетіп, салмақты сұрақтар қойып, өздеріне берген тақырыптар бойынша бар білімдерін ортаға салды. 
Сонымен қатар, дебат төрешілерінен ұтымды ой мен орынды сын тыңдап, шыңдала түсті. Бұл турнир қатысушыларға үлкен тәжірбие сыйлағаны сөзсіз. Турнир қатысушыларын әлі талай дебат сахналары күтіп тұр. Сол сахнада «Балдәурен» РОСО-да алған білімдері мен тәжірбиелері пайдаға асса, біз үшін үлкен бақыт болмақ.

 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner