«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы барлық санитарлық ережелер мен нормаларды сақтай отырып, сондай – ақ "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 9, 36, 102, 104-баптарын, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" қаулысын, 2022 жылғы 12 қаңтардағы №2 "Ақмола облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын қатаңдату туралы" және "Ashyq" жобасын енгізу туралы қаулыларды сақтай отырып жұмысын жалғастыруда. 
«Балдәурен» РОСО-да "Ashyq" бағдарламасы орнатылған. Орталықтың аумағына бөгде адамдар мен автокөліктердің кіруіне жол берілмейді.
Барлық қызметкерлер вакцинациядан өтті және covid-19-дан ревакцинация жүргізіледі. Жұмыс ауысымының алдында қызметкерлер мен балалар үшін күн сайын таңертең сүзгіден өткізу процедурасы қамтамасыз етіледі және жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, кварцтау, ылғалды жинау, бөлме ауасын тазарту шаралары жүргізіледі. Қолды өңдеуге арналған антисептиктері бар шынтақ дозаторлары да орнатылған. Сонымен қатар, күн сайын демалушы балалар мен қызметкерлердің термометриясы жүргізіледі. 
Балалардың жұмыс режимін ұйымдастыру және бос уақытын ұйымдастыру кезінде топтарды барынша оқшауландыру шаралары сақталады.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner