«Балдәурен» Республикалық оқу сауықтыру орталығының «Қазақстанның күші халық бірлігінде» достардың кездесуі атты ауысымы аясында, жас әнші Айғаным Амантайдың «Біз біргеміз, Балдәурендіктер!» атты шығармашылық концерті өтті.

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында қазіргі танда Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының су тасқынынан зардап шеккен аудандарынан 288 бала келіп демалып сауықтырылуда.  Балалар 6-мезгіл тамақтанумен медициналық сауықтырылумен және оқу бағдарламасын толық жалғастыруымен қамтамасыз етілген.

          «Қазақстанның күші халық бірлігінде» достардың кездесуі атты ауысымы аясында өткен «Біз біргеміз, Балдәурендіктер!» атты шығармашылық кеште өнер көрсеткен  жас әнші Айғаным Амантай, кеш қонақтары халықаралық конкурстардың жүлдегерлері, еліміздің жас талантары-  Ержан Максим, Ерсұлтан Омар, Далия Смагулова, Алиасқар Мұратов, Шиманова Жасмин.

Кеш жүргізушісі Мейірлан Төлеуіш- тележүргізуші.

 

Жас әнші Айғаным Амантай:

  • Осыдан бір жарым жыл бұрын, мен шығармашылық конкурстардың жеңімпазы ретінде «Балдәурен» орталығында демалған болатынмын. «Балдәурен» орталығының, жас өнер иелерін орталықтағы демалушы балаларға кеш ұйымдастыруды қолға алғандығын хабардар болсымен , шығармашылық кеш ұйымдастыруға өтініш жасадым және өзіммен бірге  концерт беруге өнердегі достарымада өтініш тастадым. Әлеуметтік желіні бақылап отырамын, және осу қызыл судан зардап шеккен аудандардан келген «Балдәурендік» достарымның алдында өнер көрсету мен үшін қуанышты сәт болды.    

Кеш қонағы Ержан Максим- /”Детское Евровидение-2019” жеңімпазы/

  • Жаңағана концертіміз аяқталды, көңіл күйіміз керемет әсіресе Балдәуреннің сахнасында көрермен балалармен бірге ән шырқағаннан керемет сезімде тұрмын.  Осы «Балдәуреннің» концерт залында Айғаным қарындасын шығармашылық кеш беретіндігін естісімен бірден келісім беріп, демалушы жас достарды қолдауға және көңілді кеш сыйлауға бірден келістім. Өткізлген концерттік іс шара және өнерде жүрген достарымның өнері көрермендерге ұнады деген ойдамын. 

Жалпы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында жыл сайын 16 ауысым өтеді. Әр ауысым өзінің тақырыптарына сай бағдарламаларымен қамтылған. Оқу барысында 20 үндік демалыс ұйымдастырылса, жазғы демалыс айларында 15 күндік демалыс пен сауықтырылу шаралары өтеді.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner