Қалиева Салтанат Сағынайқызы,
РМҚК «Балдәурен» РОСО
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Наурыз айының 26-нан сәуір айының 5-іне дейін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша кәсіби даму институтында» «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбы бойынша Ақмола облысының   қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері өз біліктіліктіліктерін арттырды.  Аталған курсқа «Балдәурен» РМҚК РОСО-нан қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері Манай Мадина Рахымқызы, Сабитова Зарина Руслановна, Калиева Салтанат Сагнаевна жіберілді. Аталмыш курстың мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытып, білім-білігін арттыруларына, өз шеберліктерін шыңдауларына маңызы өте зор болды.

Курсқа жалпы Ақмола облысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беріп жүрген, еңбек өтілдері әр түрлі, жаңаша білім мен білікке бейім, ынтымақтастықпен әрекет етуге дайын, заманауй әріптестер жиналды. Бұл аталған курстың нәтижелі өтуіне бірден-бір себеп болды.

Топқа Самуратова Рауза Тукеновна жетекшілік етіп, өз  тәжірибесімен бөлісіп,  дәрістер оқып, топтық жұмыстар ұйымдастырып, бағыт-бағдар беріп отырды. Заман талабына сай жаңашылдықпен оқу үрдісін үлкен шеберлікпен жүйелі түрде жүргізе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары жетекшіміздің арқасында әріптестер бір-бірімен тез тіл табысып, екі апта бойы ынтымақ пен бірлікте жұмыс жасады.

Курс барысында ұстаздарға «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәнінің мазмұнын анықтайтын білім берудегі нормативтік-құқықтық құжаттар», «Білім берудің заманауи трендтері: жеке тұлғаға бағытталған оқыту», «Білім алушылардың Soft Skills дағдыларын дамытуда белсенді әдістерді қолдану», «Қазақ тіл білімі салаларын пәнге (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) кіріктіре оқыту», «Әдеби тіл нормаларын сақтау», «Мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыру», «Түрлі жанрдағы құрамдас мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау», «Сөйлеу мәдениетін дамытуға және нормаларды меңгертуге бағытталған жаттығулар», «Жазылым жұмыстарын ұйымдастыру»,       «Мәтіндерді түзету және редакциялау» тақырыбында теория мен практика ұштастырыла беріліп,  топпен түрлі жаттығулар орындалып, әр қатысушының белсенді болуына, уақытты ұтымды пайдаланып, заманауи әдіс-тәсілдерді терең меңгеруіне жағдай жасалынды.

Сапалы білім қалыптастыруға негіз болып отырған аталмыш орталықтың болашақта өркендей түсуіне ниет білдіре отырып, орталық  оқытушыларына, әсіресе, кураторымыз Самуратова Рауза Тукеновнаға  шын жүректен ризашылығымызды білдіріп, алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен  кәсіби жетістіктер тілейміз.  

 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner