Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің ағымдағы жылғы 18 қазандағы бұйрығымен Оразалин Шоқан Жетпісбайұлы "Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығының бас директоры лауазымына тағайындалды.

Шоқан Жетпісбайұлы 1969 жылы   Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында туған, білімі жоғары, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін  «Ауыл шаруашылығы техникасы» мамандығы бойынша,   «Көкше» академиясын «Тарих» мамандығы бойынша, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін  «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтап, экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

 Еңбек жолын білім беру жүйесінде 1991 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Светлый ауылындағы Целинный орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастады.

1994-2024 жылдары Ақмола облысы техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру жүйесінде еңбек етті, өндірістік оқыту шебері, директордың орынбасары, колледж директоры, Ақмола облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары, басшысы қызметтерінде жұмыс істеді.

Сонымен қатар, 2024 жылдың тамыз айынан бастап «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы бас директорының оқу-тәрбие және сауықтыру жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымында тиімді қызмет атқарды.

Ш.Ж. Оразалин білім беру саласында 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, білікті маман, тиімді басшы.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner