«Baldauren Open Festival»
хореографиялық өнер байқау-фестивалі
2024 жылғы 8-ауысымның
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(22.06-06.07.2024 ж.)
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2024 жылға арналған ауысымдардың жоспар-кестесіне сәйкес «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 22 маусым және 06 шілде аралығында «Baldauren Open Festival» хореографиялық өнер байқау-фестивалі» атты 2024 жылғы 8-ауысым өтеді.
Ауысым қатысушылары: Жас бишілер: халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық, мектеп би байқаулары мен фестивальдардың қатысушылары, лауреаттар мен дипломанттар, шығармашылық ұжымдар, ҚР ҚК әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары.
Ауысым мақсаты: Ауысымға қатысушыларды би өнеріне баулу және балалардың сауығуына, демалысына қолайлы жағдайлар жасау.
Ауысым міндеттері:
- ауысым іс-шараларына қатысу арқылы тұлғаның физикалық, зияткерлік, адамгершілік және үйлесімді дамуына ықпал ету;
- сахналық мінез-құлықты және басқа отрядтардың шығармашылығын құрметтеуді дамыту;
- балалардың би, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- ауысымға қатысушыларды азаматтық-патриоттық, мәдениеттанушылық тәрбиелеуге жағдай жасау.
Ауысым бағдарламасында:
- «Dance – our style!» отряд визиткасын қорғау кеші;
- 8-ауысым президентіне үміткерлер презентациясы;
- 8-ауысымның ашылу салтанаты;
- «Zhastar» концерті;
- «Сәлем, Балдәурен!» бекет бойынша ойын;
- «Жаңа жасыңмен, балақай» туған күн иелеріне арналған кеш;
- «Dance Jai Battle» би байқауы;
- «Олимпия» спорттық мерекесі;
- «Open air» маска-шоу;
- «GLOBAL WEEKEND» хореографиялық байқау (I,II кезең);
- 8-ауысымының жабылуы салтанаты және гала концерт.
2024 жылдың 8-ауысымының салтанатты ашылуы 24 маусым күні сағ. 16.30-де.
2024 жылдың 8-ауысымының салтанатты жабылуы 5 шілде күні сағ.16.30-да.
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен» РОСО» РМҚК, Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі)
Е-mail: baldauren@mail.ru