Балалық бақыт мекені – Балдәурен.
Ел президенті айтқандай "Балалар – еліміздің болашағы. Біз оларға қамқорлық жасауымыз керек. Өскелең ұрпақтың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау әрқашан мемлекеттің назарында болады.
"Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінен жыл сайын халықаралық, республикалық, өңіраралық, қалалық, мектеп олимпиадаларының, ғылыми жобалардың, шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары болып табылатын 15 498 баланы қабылдайтын төрт орталықтан тұрады. Орталықтардың негізгі мақсаты- баланың жеке басының толыққанды сауығуына, демалуына, интеллектуалды, физикалық, психологиялық, жеке тұлғалық дамуына жағдай жасау.
Әлеуметтік бағыт шеңберінде ағымдағы жылы ауылдық жерлерден 6 548 бала, көп балалы отбасылардан 4 310 бала, толық емес отбасылардан 2 331 бала, ерекше білім беру қажеттіліктері бар 524 бала, балалар үйінен 190 бала, Абай облысында өрттен зардап шеккен 66 бала қабылданды.
Ауысым қатысушыларымен жұмыс бағдарламасы іскерлік ойындар, әлеуметтік маңызы бар акциялар, өзін-өзі басқару органдарындағы жұмыс, рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған тақырыптық іс-шаралар арқылы іске асырылады.
Осы бағыттарда биылғы жылы бір-шама іс-шараларды ұйымдастырып өткізіп отыр.
Халықаралық деңгейде:
- ол Ресейдегі Артек, Океан, Смена, Белорусиядағы Зубренок, Болгариядағы Камчия сияқты Сауықтыру Орталықтарымен халықаралық ынтымақтастықты нығайту және тәжірибиемен алмасу мақсатында 6 конкурстар, конференциялар және телемосттар өткізілді;
- Белорусия, Ресей одағы, Қырғызстан, Таджикистан, Өзбекистан елдерінің кәсіпкер суретшілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің екі халықаралық симпозиумдары;
- сондай-ақ экология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырысы бойынша жас геологтардың халықаралық олимпиадасы өткізілді.
Республикалық деңгейде: патриоттық бағыттағы іс-шаларалар, жас мұғалімдердің конкурстары, тәлімгерлердің слеттары, көшбасшылар слеті, домбыра күні, әдеби шығармашылық конкурстар сияқты 15 іс-шара ұйымдастырылды.
Оның ішінде ең маңызды жетеуін атап өтсек болады, олар:
- «Жаңа мектепке - заманауи мұғалім» атты VI Республикалық Жас педагогтар байқауы;
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасымен бірлесе «Кітаппен жазғы демалыс» атты байқауы және «KitapFest – 2023 білім әлемінде» республикалық семинары;
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе «Үздік дене шынықтыру педагогы» байқауы өткізілді;
- еліміздің ұлы ғалымы, математик Академик Мұхтарбай Өтелбаевтың «олимпиадалық есептерді шешудің тиімді жолдары» атты республикалық семинары ұйымдастырылды.
- екінші мен жетінші сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар байқауы;
- және де балалар үйінің үздік түлектерінің ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен кездесуі өтті, олар үшін футбол, мобилография, шахмат, қолданбалы өнер және бокстан шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Орталықтарда адамның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын, жалпы адамзаттық құндылықтарға, нормалар мен дәстүрлерге сәйкес терең түсінуді қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
Атап айтсақ 2016 жылдан бастап Балдәуренде «Қазақстандық жас патриот академиясы» жобасы іске қосылды. Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық өңірлерінен академия құрамына үш жарым мыңнан астам бала қабылданды. Ағымдағы жылы республика күніне орай «Қазақстан – алтын ұя, бесігім» атты республикалық жас патриоттар слеті өткізілді.
Балалардың қауіпсіз және нәтижелі демалысымен сауықтырылуын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіле отырып, коммерциялық бағыт бойынша Балдаурен орталығының өңірлік филиалдарымен қосып алғанда биылғы жылы 5000-нан астам бала қабылдады. Еліміздің ірі өнеркәсіптерімен, кәсіподақ ұйымдарымен атап айтсақ "Қазақмыс", "Өзенмұнайгаз", "Каспий Мұнай" және т.б. акционерлік қоғамдармен шарттар жасалып, аталмыш ұйымдардың қызметкерлерінің балаларына жазғы демалыс пен сауықтыру шаралары ұйымдастырылды.
Мемлекетіміздің қолдауының арқасында біраз материалдық базаның мүлкі жаңартылды. Айта кетсек, 4 орталыққа: 3 дана жаңа автобус (43 орындық), 960 дана керует, 1500 жиынтық төсек-орын, 4500 жиынтық сүлгі, 4500 жиынтық төсек жабдықтары, 1100 дана тумба, 211 дана шкаф және т.б балалар демалысының сапалы өтуіне керекті тұрмыстық техника мен басқа керек-жарақтар алынды.
Орталықта жазғы футбол, волейбол, баскетбол сияқты спорт алаңдары толығымен жаңартылды және ауысымдар арасында барлық ғимараттарда жеңіл жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ендігі алдымызда тұрған мақсат, ол, Орталықтардың трансформациясын жүргізу. Біздің орталықтар 70-80 жылдардағы ескі санаторийлер базасында ашылған. Ашылған сәттен бастап күрделі жөндеуге қаражат бөлінбеді. Тиісінше, олар үлкен тозуға ие. Осыған байланысты орталықтарда күрделі салу және оларды бейіндеу жоспарлануда.
-Бурабай өңіріндегі бас орталық «ЭКОӘЛЕМ» ретінде көріп отырмыз, негізгі бағыттары БиоProject және Green House;
- Конаев қаласында «Патриот» орталығы, негізгі бағыты әскери-патриоттық тәрбие мен салауатты өмірге беиімдеу;
- Балқаш қаласындағы Орталық инклюзия бағытында, яғни салауатты жастық шақ бейімі бойынша;
- және Түркістан облысындағы орталық болашақ бағдар бойынша жұмыс істейді.
Бағдарлама жалпы 2027 жылға дейін жоспарланған, нәтижесінде қамтылатын балалардың саны 15 мыңна 24 мыңға дейін ұлғаятын болады.