2022 жылдың 3-ауысымының қатысушылары  сәндік-қолданбалы өнер Қауымдастығының төрағасы, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Көркемөнер академиясының мүшесі, Сеул өнер институтының құрметті профессоры - Исенов Ибрагим Исенгуловичпен кездесті.
Талантты суретші, ағаш шебері – Исенов Ибрагим ұзақ шығармашылық жолдан өтті. Оның артында мыңнан астам жазбаша жұмыстар, Марокко, Испания, Мальта, Греция және Америка штаттарында өткен көптеген көрмелер жатыр.
Иса Ибрагим өзіндік суретші ғана емес, сонымен қатар сәндік-қолданбалы шығармашылықтың дарынды шебері. Кездесу барысында қонағымыз балаларға өнер жолына ерте бастан, мектеп шағынан келгендігін айтып өтті.
        Кездесу қатысушылары оның өмірі мен шығармашылығы жайлы көптеген сұрақтар қойды. Қонағымыз бен балдырғандардың белсенді сұхбатынан бұл кездесудің пайдасы мол, қызықты кездесу болғандығын нық сеніммен айта аламыз.
 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner