1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Көктемнің алғашқы күніне тұспа-тұс келетін мереке күні Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады. 
Бұл мереке тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі болса керек.
1995 жылдың дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде тұратын барлық этностардың ынтымағы, бірлігі мен достығының символына айналған институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 1 наурыз – Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner