Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне қайта енген бұл күннің маңыздылығы ерекше. Көпұлтты еліміздің достығы, жеткен жетістігі, жас буынға бүгінгі Жаңа Қазақстанның патриоттығын айқындайтын тарихи мереке.
Аталған мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің қолдауымен «Республика күніне» орай жоспарлаған ауқымды іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 2023 жылдың 23-қазанда Астана қаласы Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан – алтын ұям, бесігім» атты Жас патриоттардың Республикалық слётін өткізді.
Аталған Слётке еліміздің әр облыстарынан Қазақстандық жас патриоттар Академиясының мүшелері мен ата-аналары, делегация жетекшілері, құрметті қонақтары қатысты.
«Қазақстандық жас патриоттар академиясы» өз жағдайында еліміздің жас патриоттық элитасын қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілік, руханият, шығармашылық үдерісте өзінің үздік жеке қасиеттерін көрсете білуге, Отан мүддесі үшін, мемлекетті нығайту жолында, оның өмірлік маңызды мүдделері мен тұрақты дамуына өз үлестерін қосуда.
Ұлтжанды ұландарымыздың патриоттық, отансүйгіштік қасиетін қазіргі өскелең ұрпаққа дарыту баршамыздың парызымыз. Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Қазақстан халқы қайта жаңғырған Республика күнін қазан айының 25 күні атап өтетін болды. Бұл күн елдегі жалғыз ұлттық мейрам болып табылады. Ендеше барша қазақ елі Республика күні құтты болсын! Жаратушымыз халқымызды ынтымағынан, жерімізді тұрақтылықтан айырмасын! Сіздердің болшақ істеріңізде жаңа бастамаларға сәттілік, игілік пен бақыт, бақ - дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолында аянбай еңбек етуден жалықпайық! Еліміз бай, қуатты болайық.
«Балдәурен» РОСО білім кешені директорының орынбасары
Сейсен Б.