Құрметті, Балдәурендіктер!
Бүгін 14 желтоқсан, «Балдәурен» республикалық оқу–сауықтыру орталығы өзінің 20 жылдық мерей тойын атап өтуде. Балдәурен осы күнге дейін балалардың жүрегінен өз орнын алып, балалардың арман аралына айналды. Осы жылдардағындай миллиондаған келушілердің арманы болып, оларға шексіз мүмкіндіктер әлемінде өз бағытын табуға көмектесті. Шабыттарының ашылуына және шығармашылық идеяларының орындалуына жол ашты.
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 2002 жылдың желтоқсан айында ресми түрде ашылған болатын. 2017-2019 жылдар аралығында Алматы, Түркістан және Қарағанды облыстарында орталықтың филиалдары ашылды. Жыл бойы Балдәуренде: ауысым тақырыбына сай дарынды балалар, шығармашылық бағыттағы балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, республиканың экологиялық қолайсыз өңірлерінен келген балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар демалды. Ауысым бағдарламалары қатысушылардың көшбасшылық дағдыларын меңгеріп, проблемаларды талқылауға, топ ішінде жұмыс ітеуге үйретеді. Тәуелсіз Қазақстанның көптеген жастары үшін «Балдәурен» ең жарқын естелікке айналып, балалардың болашағы мен көзқарасын өзгертті.
«Балдәурен» республикалық оқу–сауықтыру орталығының ұжымы мен ұйымдастырушы-ұстаздар тобын туған күнімен құттықтаймыз! Сіздердің өлшеусіз еңбектеріңіз үшін үлкен алғыс білдіріп, балаларды тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарыңыздың жемісін көрулеріңізге тілектеспіз! 20 жылдық мерей тойларыңыз құтты болсын!
Қонаев қаласы,
«Балдәурен» РОСО баспасөз хатшысы:
Сатымхан Айжан Бекмұратқызы