Ұлы Абай атамыз:- Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.-дегендей, еңбегін қалт жібермей, алдындағы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып жатқан ұстаздардың еңбегі қашан да адал әрі елеусіз екені баршамызға белгілі. Әсіресе, бүгінгідей заман ағымында ұстаздың қадірі қашып, беделінің түскені де шындыққа жанасуда. Осы орайда, авторы - Бейсен Құранбек, режиссері - Ерлан Ошақбаев, Сценарийі-Гүлмира Қадырқызының “Ұстаз” атты фильмінің жарыққа шығуы “Ұстаз” есімінің ұлағатты да қадірлі мамандық екендігін тағы дәлелдегендей. “Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі.”-деп, алғашқы ұстазымыз Ыбырай Алтынсарин айтқандай, жақсы ұстаз әрқашан өзі де ізденіп, шәкірттерін де іздендіріп, бүгінгідей заманда жаңашылдыққа жол тауып, оқушыларын тек біліммен ғана емес, сонымен қатар, ізгілік пен тәлімге, адамгерщілікке баулитын құрметті жан. Міне осындай шәкірт алдындағы үлкен жауапкершілік пен қиындықтан тұратын мұғалімдік қызметтің шынайы бет бейнесін көрсеткен “Ұстаз” фильмін бүгін “Балдәурен” РОСО-ның педагогтары көріп тамашалады. Ауылға келген жас ұстаздың, кездескен қиыншылықтарға мойымай, шәкірт жүректеріне жол таба білуі барша көрермендердің көңілінен шығып, ұстаздықтың ұлы мамандық екенін тағы бір ұқтырғандай.

                                                                             “Балдәурен” РОСО білім кешені

                                                                                                        Щучинск қаласы

 

 

 

 

 

 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner