3 ауысым барысында «Ұлы даланың мәдени мұрасы» атты әдеби-сазды кеші өтті. Іс-шара халық шығармаларын қайта жаңғыртып дәріптеу, салт-дәстүр, шешендік толғау, күй өнері арқылы оқушылардың танымдық белсенділікті арттырып, өз ұлтының өнеріне, тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында өтті.
Кеш барысында оқушылар Ұлы даланың мұрасын, ұлт рухын көтеретін, тың ойларға жетелейтін, еліміздің тарихын, мәдени дәрежесін бүкіл әлемге паш еткен Ұлы тұлғалардың жүрегiне үңiлiп, ғибратқа толы ғұмырынан тағылым алды.