Советхан Арман – Қазақстан Республикасының чемпионатында II орын иегері

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті ұйымдастырған классикалық және жабдық жатып сығымдаудан Қазақстан Республикасының чемпионатында Балдәурен РОСО-ның дене шынықтыру пәні мұғалімі Советхан Арман жоғары нәтиже көрсетті.

Аталған жарыс Шымкент қаласында өтті. Жарыс барысында Советхан Арман 74 кг салмақ дәрежесінде 150 кг нәтижені бағындырып, II орынға ие болды. Сонымен қатар жарыс қорытындысы бойынша ҚР спорт шебері нормативін орындады.

Бұл жетістік тек жеке жеңіс қана емес, сонымен қатар Балдәурен ұжымы үшін де үлкен мақтаныш. Мұндай нәтижелер жас ұрпақты спортпен айналысуға ынталандырып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосады.

Балдәурен ұжымы Советхан Арманды лайықты жетістігімен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа биіктерді бағындыруына тілектестік білдіреді.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner