Сексен көл Көкшетаудын саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісті
Көкірек канша жұтса, тоясың ба?
Сәкен Сейфуллин
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы Бурабай курорттық аймағында орналасқан. Бурабай- Қазақстанның інжу- маржаны. Курорттық аймақ- адамдарды көз тартарлық сұлу табиғатымен, таза ауасымен, асқар тауларымен баурайды. Бурабай- ашылмаған сырлары көп, аңыздарға бай өлке.
Әр ауысым сайын балалар үшін Мемлекеттік ұлттық парк аумағына саяхат ұйымдастырылады. Балалар өлкенің тарихымен, қызықты аңыз-әңгімелермен танысып, Көк шығанақтың, Оқжетпес, Үш-қыз, Жұмбақтас, Жеке батыр жартастарының сұлулығын тамашалайды. Сонымен қатар, киелі Абылай хан алаңын аралайды.
2021 жылғы 15-ші ауысымның қатысушылары қысқы Бурабай орманының сұлулығын көрді. Саяхаттан балалар жылы және жарқын естеліктер алып, суреттерге түсті.