2021 жылдың қазан айының 21-жұлдызы «Балдәурен» Республикалық білім беру-сауықтыру орталығы Ресей Білім министрлігінің қолдауымен өтетін «Смена» Бүкілресейлік балалар орталығында бастау алған «Большие смыслы-2021» балалар демалысын ұйымдастырушылардың форумына қатысты.  Бұл форумға оқу-тәрбие ісі бойынша бас директордың орынбасары Әмірғалиев Жангелді Қуандықұлы бастаған орталықтың 4 қызметкерінен тұратын делегация келіп, осы форумға белсенді қатысты.
 Форум аясында балалардың демалысының инфрақұрылымы, білім беру және сауықтыру жүйесін құру, демалыс орталықтары мен лагерьлердегі оқу-тәрбие ұйымдастырушыларының рөлі, балаларды  сауықтыру мәселелері бойынша сұрақтар қойылды. Шеберлік сабақтары мен дөңгелек үстелдер өткізілді. Форумның басты мақсаты – балалардың демалысын барынша пайдалы әрі қызықты ету.Балалар демалысын ұйымдатыруда педагог-ұйымдастырушылардың алар орны мен атқарар еңбектері зор. Сонымен қатар, форумға Беларусь Республикасының «Зубренок» ҰБО,  «Орлёнок»,«Океан» Бүкілресейлік балалар орталықтары,  «Артек» ХБО және тағы да басқа орталықтар қатысты. Қатысушы орталықтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ізбасарларына кеңестер берді.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner