Сейсен Б.

«Балдәурен» РОСО

Білім кешенінің мұғалімі

 

«Балаларға тарту болған бақ мекені» - «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында байтақ еліміздің әр түкпірінен келкен әр баланы  сауықтандыру, тәрбиелеу мен оқыту үшін барлық жағдай жасалған. Орталық қызметкерлерінің әрқайсысы еліміздің жас ұрпағын оқыту мен тәрбиелеуде өз білімі мен білігін, тәжірибесі мен кәсібилігін, уақытын аяған емес. Орталықтың осындай қызметкерлерінің бірі,   еңбектері елеулі, орталыққа қалаулы –   педагогтар қауымы.

Жалпы  ауысым барысында   Жас ұрпақты сауықтандыруда  балалар орталығы жағдайында оқушылардың білім алуымен қатар олардың демалысын қызықты өткізуіне де әр түрлі үйірмелер өткізіледі.  Тәрбие шаралары мен жобаларының мазмұнын, форматын, көркемдік стилін, ұсынылу тәртібін анықтауда жасөспірімдік кезеңдегі балалардың психологиялық ерекшелігін, қызығушылығын назарға алып,  жас ерекшеліктеріне сай келетін классикалық көркем шығармалар мен көркем әдебиеттерді ұсыну; оқылған шығарма кейіпкерлерінің бойындағы адами қасиеттерімен жағымсыз әдеттерін талқылауға бағытталған кейстік жағдаяттарды шешуді ұсыну сияқты бағыттарда сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.
Еліміздегі тарихи орындарға, ескерткіштерге экскурсия жасау, елмен жер тарихы туралы деректермен танысу,  музейлерге, мұрағаттарға,
ұлттық парктер мен қорықтарға бару, виртуалды саяхаттар  жүргізілді.
 Сонымен қатар бес мезгіл кешенді тамақтанумен бала ағзасына қажетті дәрумендер, ақуыздар, көмірсулар мен майлар, тағы-тағы көптеген заттарға орасан зор көңіл бөлінді. Ауысымға келген балалар мен жасөсөпірімдер Орталықтың педагогикалық ұжымымның  балалар үшін атақрған еңбектерін  назарларынан тыс қалдырған емес.  

Көкше жеріндегі «арман аралына» келген балаларға Орталық қызметкерлері жұмыс барысында қуаныш пен шаттық, мейірім мен мереке сыйлайды. Иә, бала жүрегі мейірім мен жылулықты сезбей қоймайды.    


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner